Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ студенттері — IX Халықаралық студенттік олимпиаданың жүлдегерлері
30 Наурыз 2026                  394
МИТУ студенттері — IX Халықаралық студенттік олимпиаданың жүлдегерлері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында IX Халықаралық студенттердің сырттай олимпиадасы өттіhttps://farabi.university/news/104064. Аталған іс-шара Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен қатысушыларды біріктірді.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет студенттері университет намысын лайықты қорғап, жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша «NeuroMark Team» командасы «Маркетинг» бағыты бойынша III орынға ие болды .

Команда құрамында:

  • Седых Полина Олеговна
  • Суюнов Нурлан Искандарович
  • Титаренко Артур Маратович
  • Тұқымбай Ахмедияр Рахымжанұлы

Ғылыми жетекші: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Дильдебаева Жулдуз Турсуновна.

Команда «Маркетинг» мамандығы бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, табысты дайындық үшін марапатталды.

Студенттеріміз бен ғылыми жетекшіні шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен халықаралық деңгейде табыстар тілейміз!