2026 жылғы
31 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Google компаниясының
ресми өкілдері профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлері үшін
оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара 1-ші
корпустың акт залында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ
білім беру және ғылыми үдерістерге заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге
бағытталды. Семинар барысында қатысушыларға Google Workspace сервистерін
қолдану мүмкіндіктері таныстырылып, жоғары білім беруде цифрлық құралдар мен
жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Оқыту нәтижесі
бойынша «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының
магистрі Бердимуратова Куралай Қадиркуловна Google AI технологияларын білім
беру қызметінде қолдануға қажетті білім, дағды және базалық құзыреттерді сәтті
көрсетті және тиісті сертификатқа ие болды.
Сертификат
2026 жылғы 1 сәуірде берілді.
Аталған
жетістік оқытушының жоғары кәсіби даярлығын және білім берудің цифрлық
трансформациясы жағдайында үздіксіз даму ұмтылысын көрсетеді.
Құрметті Куралай Қадиркуловнаны
кәсіби жетістігімен құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!