Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында
іс-шаралардың екінші күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 2026 жылғы 13 сәуір
күні университеттің Ғылыми кітапханасының конференц-залында «Қазіргі
жағдайларда ғылыми әлеует пен зерттеушілік құзыреттерді дамыту» тақырыбында
дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас
ғалымдар, докторанттар мен студенттер қатысып, ғылыми зерттеулерді дамыту,
халықаралық жарияланымдар және академиялық қызметтің өзекті мәселелері кеңінен
талқыланды. Дөңгелек
үстел барысында келесі маңызды баяндамалар ұсынылды: Кенжина Инеш Ергазиевна –
PhD, қауымдастырылған профессор, Clarivate компаниясының ТМД елдеріндегі ресми
өкілі, ғылымиметрия маманы
«Халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау және
журнал таңдау» тақырыбында баяндама жасап, Scopus және Web of Science
базаларына енетін журналдарды дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Рабиға Алтайқызы Хожамқұл – InformaScape компаниясының
Орталық Азия бойынша маманы «Scopus деректер базасында табысты жарияланымға
жету жолы» тақырыбында тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Имансаева Айжан Мейірхановна –
техника ғылымдарының кандидаты, ҚР патенттік сенімді өкілі, Еуразиялық
патенттік сенімді өкілі
«Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау»
тақырыбында баяндама жасап, ғылыми нәтижелерді қорғаудың құқықтық аспектілерін
түсіндірді. Байшолан
Назерке – «Жас ғалым» грантының иегері, Бағдарламалық
инженерия кафедрасының постдокторанты
«Машиналық оқытуда жүйелі әдеби шолу жүргізудің
принциптері мен процедуралары» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізудің заманауи
тәсілдерін таныстырды. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми мақалаларды
жариялау сапасын арттыру, халықаралық ғылыми базаларда көріну деңгейін көтеру,
сондай-ақ зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара пікір
алмасты. Ғылым онкүндігінің екінші күні университеттегі ғылыми ортаның дамуына
серпін беріп, жас зерттеушілер үшін құнды тәжірибе алаңына айналды.