Главная Новости Ғылым шамшырағы: Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы
10 Сәуір 2026                  211
Ғылым шамшырағы: Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы

    Қазақстанда академик, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай 12 сәуір Ғылыми қызметкерлер күні ретінде бекітілді. Соған орай METU ғылыми кітапханасында Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында ғалымның ғылыми еңбектері, геология саласына қосқан зор үлесін айқындайтын материалдар, сондай-ақ оның өмір жолы мен қызметіне қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Оқырмандар қазақ ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның еңбектерімен кеңінен танысуға мүмкіндік алды. Аталған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа ғылымның маңызын насихаттау, отандық ғылымның дамуына үлес қосқан тұлғаларды дәріптеу және ғылыми мұраға деген қызығушылықты арттыру.