Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ғылыми әлеует пен зерттеушілік құзыреттерді дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
13 Сәуір 2026                  76
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ғылыми әлеует пен зерттеушілік құзыреттерді дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ғылым онкүндігі аясында «Заманауи жағдайдағы ғылыми әлеует пен зерттеушілік құзыреттерді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.



Дөңгелек үстел барысында ғылыми жарияланымдар белсенділігі, халықаралық ғылыми журналдарды таңдау, Scopus және Web of Science деректер базаларымен жұмыс істеу, сондай-ақ зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғау мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстел аясында халықаралық және отандық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Атап айтқанда, Clarivate компаниясының өкілі Кенжина Инеш Ергазыевна халықаралық ғылыми журналдарды таңдау және жариялау мәселелері бойынша баяндама жасады, Informascope компаниясының маманы Рабиға Алтайқызы Хожамқұл Scopus базасындағы жарияланымдар туралы баяндады, Байшолан Назерке машиналық оқытудағы зерттеулердің қайталанымдылығы мәселелерін көтерді, сондай-ақ Имансаева Айжан Мейрхановна зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғау тақырыбында баяндама жасады.

 

Іс-шараның басты ерекшелігі оның практикалық бағыты болды. Спикерлер теориялық мәліметтермен қатар, ғылыми платформалар мен құралдарды нақты мысалдар арқылы көрсетіп, оларды қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде түсіндірді. Қатысушыларға журналдарды іздеу, көрсеткіштерді талдау және ғылыми мақалаларды дайындау алгоритмдері нақты уақыт режимінде таныстырылды.

Дөңгелек үстел аясында белсенді талқылау өтіп, докторанттар ғылыми жарияланымдар стратегиясы мен халықаралық журналдардың талаптарына қатысты сұрақтарын қойды. Спикерлер жан-жақты жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Аталған іс-шара зерттеушілік мәдениетті дамытуға және ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.