2026
жылдың 14 сәуір айында «Биохимиялық инженерия» кафедрасында «Генетикалық
түрлендірілген өнімдер және оларды Қазақстанда пайдалану перспективалары» тақырыбында
мастер-класс өтті. Спикер ретінде биология ғылымдарының докторы, Ресей
Федерациясының азық — түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ұлттық Академиясының
академигі Велямов Масимжан Турсынович сөз сөйледі.
Іс-шара
барысында генетикалық түрлендірілген организмдерді құрудың заманауи тәсілдері,
олардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ оларды
пайдаланудың ықтимал қауіптері мен артықшылықтары қарастырылды. Экологиялық,
экономикалық және заңнамалық аспектілерді ескере отырып, Қазақстанда
ГМО-өнімдерін енгізу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мастер-класс
студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, биотехнология
саласындағы білімдерін кеңейтуге және аграрлық ғылымды дамытудың өзекті
мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.