Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде студенттерге арналған қаржылық
сауаттылық пен инвестиция негіздері тақырыбында KASE өкілдерінің танымдық
шеберлік сабағы өтті.
Кездесу
барысында студенттер қор биржасының қалай жұмыс істейтінін, инвесторлар мен
эмитенттердің кім екенін біліп, заманауи инвестициялық нарықтың жұмыс істеу
қағидаларымен танысты.
Шеберлік
сабағын KASE Академиясының директоры — Абылай
Сыздыков жүргізіп, студенттермен тәжірибелік білімдерімен бөлісті,
олардың сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның қаржы нарығындағы жастарға
арналған мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Кездесу
қызықты әрі интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын
тудырды. Ең белсенді студентке KASE атынан естелік сыйлық табысталды.