Главная Новости METU-да Конституция және ғылым тақырыбында мазмұнды кездесу өтті
10 Сәуір 2026                  342
METU-да Конституция және ғылым тақырыбында мазмұнды кездесу өтті

Ғылыми онкүндік аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде ғылыми-танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында құқықтық мәдениет, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершіліктің қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.

Кездесу қатысушылары Конституцияның ел дамуының басты тірегі екенін атап өтіп, оның қағидаттары ғылым мен білім беру жүйесінде де маңызды орын алатынын жеткізді. Сонымен қатар, цифрлық трансформация дәуірінде, әсіресе жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында, құқықтық реттеудің өзектілігі ерекше атап өтілді.

Іс-шара аясында ғылым мен технологиялардың заманауи даму бағыттары да қозғалып, инженерия, технология, сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың өзара байланысы талқыланды.

МИТУ бүгінгі таңда университеттер, ғылыми орталықтар мен кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктіретін ашық академиялық алаң ретінде өз орнын айқындап келеді. Түрлі сала сарапшыларының қатысуы тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында көрнекті тұлға Әлихан Бөкейханов және Алаш зиялыларының мұрасына ерекше назар аударылды. Баяндамаларда оның ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі, ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды.

Іс-шара аясында келесі спикерлер баяндама жасады:

  • «Әлихан Бөкейханов және Алаш зиялылары» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Салқынбек Досалы Исаханұлы;
  • «Түркі халықтарының тарихындағы рухани дәстүрлер» тақырыбында Сүлейман Демирел университеті профессоры Мехмет Эмин Шен (онлайн форматта);
  • Құрметті қонақ ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлы қатысты.

Спикерлердің баяндамалары тарихи және рухани мұра, ғылым мен мәдениеттің өзара байланысы, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуы мәселелерін қамтыды.

Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушыларға жемісті жұмыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тілегі білдірілді.