Главная Новости METU «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне қатысты
13 Сәуір 2026                  60
METU «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне қатысты

2026 жылғы 13 сәуірде METU университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне қатысты.

Іс-шара Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы кітапханада өтті.

Көрме барысында METU университетінің өкілдері білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін, оқуға түсу шарттарын, сондай-ақ ҰБТ тапсыру ерекшеліктерін таныстырды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, METU университетінде білім алудың артықшылықтары, академиялық ұтқырлық, тәжірибеге бағытталған оқыту және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Автор: Мусақызы Жания