Главная Новости METU «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне Қаскелең қаласында қатысты
14 Сәуір 2026                  63
METU «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне Қаскелең қаласында қатысты

2026 жылғы 14 сәуірде METU университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Study in Kazakhstan» жоғары білім көрмесіне қатысты.

Іс-шара Қаскелең қаласында SDU университетінің базасында өтті.

Көрме барысында METU университетінің өкілдері білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін, оқуға түсу шарттарын, сондай-ақ ҰБТ тапсыру ерекшеліктерін таныстырды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, METU университетінде білім алудың артықшылықтары, академиялық ұтқырлық, тәжірибеге бағытталған оқыту және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

           Автор: Мусақызы Жания