2026 жылдың 15
сәуірінде «Биохимиялық инженерия» кафедрасында «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылы» тақырыбында
мастер-класс өтті. Іс-шара студенттердің Төтенше жағдайлар кезіндегі
қауіпсіздік және қорғау саласындағы білімі мен практикалық дағдыларының
деңгейін арттыруға бағытталған.
Шеберлік сабағын
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының
аға офицері, подполковник Баймұхаибетова Сандуғаш Амантайқызы өткізді.
Сабақ барысында
қатысушылар жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерімен,
эвакуация алгоритмдерімен, сондай-ақ жарақат алу қаупін азайту шараларымен
танысты. Ғимараттардағы, көшедегі және қоғамдық орындардағы әрекеттерді қоса
алғанда, практикалық нұсқауларға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, студенттерге «мазасыз чемоданды» алдын-ала дайындауға кеңес берілді. Мастер-класс барысында оның мазмұны айқын көрсетілді: қажетті құжаттар, алғашқы көмек қобдишасы, су мен азық-түлік қоры, фонарь, байланыс құралдары және басқа да қажетті заттар.
Студенттер талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды және мүмкін болатын төтенше жағдайларды талдады, бұл материалды жақсы игеруге ықпал етті.