Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ESG: СЕКЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ
16 Сәуір 2026                  35
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ESG: СЕКЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ

16-17 сәуірде ғылым онкүндігі аясында «Биотехнология және ESG: ғылым, инновация және тұрақты даму» секциясында Халықаралық конференция өтті. Іс-шараға «Биохимиялық инженерия» кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары және т. б. белсенді қатысты.

Конференция жас зерттеушілер арасында ғылыми идеялар мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Секция жұмысы барысында биотехнологияларды дамытудың, ғылым мен өндіріске инновациялық тәсілдерді енгізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ESG-қағидаттарының рөлі қарастырылды. Қатысушылар мазмұнды баяндамалар ұсынды, дайындықтың жоғары деңгейі мен ғылыми әлеуетін көрсетті, пікірталастарға белсенді қатысты және сараптамалық қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

Конференция қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 3 курс докторанты Сейсенова Әйгерім марапатталды. II дәрежелі дипломмен 1 курс магистранты Саржанова Саида және 4 курс студенті Абдыбаева Аяжан марапатталды. III дәрежелі дипломмен 2 курс докторанты Дүкенбай Бағдат, 4 курс студенті Асмахунова Дилхумар және Орынбасарова Ақтоты марапатталды.

Іс-шара Білім алушылардың зерттеу қызметін дамытуға және кафедраның академиялық қауымдастығын нығайтуға ықпал ете отырып, ғылыми ынтымақтастық және кәсіби өсу атмосферасында өтті.