Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры МИТУ-да «ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ – 2026» АЯСЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
10 Сәуір 2026                  184
МИТУ-да «ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ – 2026» АЯСЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

    10 сәуір күні университетімізде Ғылым декадасының ашылуына орай қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Дәріске арнайы шақырылған спикер – Ресей Федерациясынан келген, РАН мүшесі-корреспонденті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, СО РАН Есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының ғалымы Кабанихин Сергей Игоревич мазмұнды баяндама жасап, заманауи ғылымның өзекті мәселелері мен зерттеу бағыттары туралы ой бөлісті.

    Қонақ дәрісін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары кафедрасының өкілі Алимбаев Чингиз Абдраимович ұйымдастырып, өткізді.

    Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер ғалыммен еркін пікір алмасып, ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялар туралы құнды ақпарат алды. Бұл кездесу қатысушылардың ғылыми қызығушылығын арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.