13 Сәуір 2026                  205
Ғылым онкүндігі аясындағы ғылыми семинар: «Ақылды қаланы цифрландырудағы заттар интернеті технологиялары»
13 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында ғылыми семинар өтті. Семинар тақырыбы – «Ақылды қаланы цифрландырудағы заттар интернеті технологиялары».
Іс-шарада телекоммуникациялар бойынша бас маман Авганбаева Мөлдір Шындосовна баяндама жасап, IoT және жасанды интеллекттің болашақ технологиялары туралы кеңінен таныстырды. Спикер «Лабстрой» ЖШС-де жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, заманауи цифрлық шешімдердің ақылды қала инфрақұрылымын дамытудағы маңызын атап өтті.
Семинар барысында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары кафедрасының лекторы Базарбай Лашын сөз сөйлеп, «Су көрсеткіштерін бақылаудың мультисенсорлық жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының негізгі нәтижелерімен бөлісті. Ол зерттеу жұмысының мақсаты, қолданылатын технологиялар және тәжірибелік маңыздылығы туралы баяндады.
Ғылыми семинар қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, цифрландыру, IoT және интеллектуалды жүйелерді дамыту бағытында өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты.