2026 жылғы
17 сәуірде METU университеті №209 мектеп-гимназиясында өткен ашық есік күніне
қатысты.
Іс-шара
барысында университет өкілдері оқушылармен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмысын
жүргізді. Оқушыларға METU университетінің білім беру бағдарламалары, оқу
мүмкіндіктері және оқуға түсу шарттары туралы ақпарат берілді.
Сонымен
қатар қатысушылар студенттік өмір, академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар және
кәсіби даму мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Оқушылар өздерін қызықтырған
сұрақтарға жауап алды.
Мұндай
іс-шаралар талапкерлермен байланысты нығайтып, олардың болашақ мамандығын дұрыс
таңдауға көмектеседі.
Автор: Мусақызы Жания