Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU-ДА «ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ – 2026» АЯСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША СЕКЦИЯ ӨТТІ
16 Сәуір 2026                  29
METU-ДА «ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ – 2026» АЯСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША СЕКЦИЯ ӨТТІ

  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында «Жасанды интеллект, бағдарламалық технологиялар және өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы» атты №6 секция отырысы жоғары деңгейде өтті. Аталған секция білім мен ғылымның өзекті бағыттарын қамтып, жасанды интеллект, машиналық оқыту, цифрлық трансформация және бағдарламалық инженерия салаларындағы заманауи үрдістерді талқылауға арналды. Іс-шара университеттің 1 оқу корпусында, 74 аудиторияда ұйымдастырылды. Секция жұмысына әртүрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысты. Модератор ретінде «Программалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, PhD Сакыпбекова Меруерт Жумабековна сөз сөйледі. Секция барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша баяндамалар ұсынды:

 

жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларын қолдану;

өндірісті цифрландырудағы жаңа трендтер;

өнеркәсіптік заттар интернеті (IIoT) негізіндегі мониторинг жүйелері;

бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және DevOps әдістері;

білім беру және еңбек нарығындағы цифрландырудың әсері;

деректер базасын модельдеу және оңтайландыру мәселелері.

 

Сонымен қатар, баяндамаларда жасанды интеллектті білім беру процесінде қолдану, кәсіби бағдарлау, семантикалық талдау алгоритмдері және цифрлық экономика жағдайындағы инновациялық шешімдер кеңінен қарастырылды. Іс-шара барысында түрлі университеттердің (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Алматы технологиялық университеті және басқа да жоғары оқу орындары) өкілдері өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Секция соңында қатысушылар ғылыми пікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, болашақтағы бірлескен зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында өткізілген бұл секция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, инновациялық идеяларды дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті ғылым мен білімді ұштастыра отырып, заманауи технологиялар саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауды жалғастыруда.