METU университетінде БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы (IPCC) құрамында Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунгпен кездесу өтті.
METU-дағы
сапары аясында ол студенттерге лекция оқып, жаһандық климаттық сын-қатерлер мен
«жасыл экономика» болашағы туралы өз тәжірибесімен және көзқарасымен бөлісті.
METU
әлемдік деңгейдегі сарапшыларды шақыруды жалғастырып, ашық диалог пен білім
алмасуға арналған алаң қалыптастыруда.
Раэ Квон
Чунг — жаһандық экологиялық күн тәртібінің бастауында тұрған тұлғалардың бірі:
Рио-де-Жанейрода өткен Жер саммитіне қатысқан және «жасыл өсім»
тұжырымдамасының тең авторы. Бұл тұжырымдаманың негізгі мәні — экономикалық
дамуды табиғатпен тепе-теңдікте жүзеге асыру.
METU-дағы мұндай кездесулер — жай ғана лекция емес, студенттер үшін әлемнің болашағын қалыптастырып жатқан көшбасшылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік.