2026 жылғы
22 сәуірде METU колледжінде мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шара
аясында METU университеті де қатысып, оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын
жүргізді. Университет өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері,
оқуға түсу шарттары туралы ақпарат берді.
Қатысушылар
студенттік өмір, академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар және болашақ кәсіби даму
мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған
сұрақтарға жауап алды.
Мұндай іс-шаралар талапкерлерге білім беру мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.
Автор: Мусақызы Жания