Главная Новости METU-де Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті
17 Сәуір 2026                  153
METU-де Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

2026 жылғы 17 сәуір күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жаңару мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл мереке университет өміріндегі маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналып, студенттер мен оқытушыларды бір арнаға тоғыстырды.

Іс-шараның басты ерекшелігі – студенттердің жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенділігі болды. Университет жастары мерекелік бағдарламаны өздері әзірлеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде үлкен жауапкершілік танытты. Әр факультет ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстыратын көрмелер мен қойылымдар ұсынды.

Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар асық ату, арқан тартыс, қазақша күрес сияқты дәстүрлі спорт түрлерінен бақ сынасты. Сонымен қатар, қонақтар мен студенттерге наурыз көже, бауырсақ секілді ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы кеңінен насихатталды.

Сахналық бөлім де ерекше әсерге бөледі: студенттер ән айтып, би билеп, ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген көріністер қойды. Әсіресе, жастардың шығармашылығы мен сахналық мәдениеті көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Бұл мереке студенттердің тек білім алумен шектелмей, қоғамдық өмірге белсене араласатынын, ұйымдастырушылық, көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік бар екенін көрсетті. Наурыз мейрамы – бірлік пен татулықтың, жаңару мен дамудың символы ретінде университет жастарына жаңа серпін берді.

Осындай игі шаралар студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, өз мәдениетін мақтан тұтуға және қоғамның белсенді мүшесі болуға тәрбиелейді.