Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ACCA қолдауымен ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша Халықаралық пәндік олимпиада – 2026 өз бастауын алды.
23 Сәуір 2026                  34
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ACCA қолдауымен ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша Халықаралық пәндік олимпиада – 2026 өз бастауын алды.

Аталған олимпиада 2023 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және студенттердің кәсіби білімдері мен талдау қабілеттерін бағалауға арналған маңызды алаңға айналды. Биылғы олимпиадаға жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

Олимпиада екі кезең бойынша өтуде: бірінші кезеңде қатысушылар «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша тест тапсырады, ал екінші кезеңде өз эсселерін презентация форматында қорғап, заманауи бухгалтерлік есептің өзекті мәселелерін талдайды.