Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне арналған кездесу өтті. Іс-шараның қонағы журналист, подкастер және «Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабының авторы Әйнел Әмірхан болды. Кездесуді ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары – Тукебаева Ж.А. мен Айткулова К.О., сондай-ақ кітапхана директоры Махамбетова З.С. қатысты.
Кездесу барысында келесі
өзекті мәселелер талқыланды:
- оқу әдетін
қалай қалыптастыруға болады
-
қандай кітаптар ойлау мен
дүниетанымға шын мәнінде әсер етеді
-
өзіңізді шабыттандыратын
жанрды қалай табуға болады
-
ақпарат ағынында қалай
бағдарланып, сапалы контентті қалай таңдау керек
-
оқу, жұмыс және өзін-өзі
дамыту арасындағы уақытты қалай тиімді басқаруға болады
Іс-шара жылы әрі ашық атмосферада өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, спикерден құнды кеңестер алды. Осындай кездесулер оқу мәдениетін дамытуға ықпал етіп, жастарды тұлғалық өсуге және ақпаратты саналы түрде таңдауға ынталандырады.