Главная Новости METU-де шабытқа толы кездесу: Әйнел Әмірханмен әсерлі кеш өтті
23 Сәуір 2026                  24
METU-де шабытқа толы кездесу: Әйнел Әмірханмен әсерлі кеш өтті

    23 сәуір — Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні METU үшін жай ғана мерекелік дата емес, ерекше мазмұн мен шабытқа толы күнге айналды. Осы орайда университет қабырғасында журналист, подкастер, «Атың шықпаса, подкаст жаса» кітабының соавторы Әйнел Әмірханмен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.

  Кездесу барысында кітап оқу мәдениетін қалыптастырудан бастап, кітап жазудың ішкі үдерістері мен ерекшеліктері, сондай-ақ подкасттың бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі рөлі жан-жақты талқыланды. Қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық жолындағы маңызды кезеңдерге тоқталды.

Іс-шара қатысушылары тек тыңдарман болып қана қоймай, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер мен жаңа идеяларға қанықты. Кеш мазмұнды сұхбат алаңына айналып, жастарға тың серпін мен шабыт сыйлады.

Бұл кездесу – кітап пен заманауи контенттің тоғысқан тұсы, жаңа ойларға бастау берген маңызды рухани алаң болды.

METU Университеті атынан Әйнел Әмірханға мазмұнды әңгімесі, пайдалы ақпараттары мен ерекше атмосфера үшін шынайы алғыс білдіреміз.