Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры METU бірінші курс студенттері арасында «Ғылыми пікірталас» атты зияткерлік хакатон
27 Сәуір 2026                  71
METU бірінші курс студенттері арасында «Ғылыми пікірталас» атты зияткерлік хакатон

2026 жылғы 27 сәуірде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары Цыренжапова Г.Г. мен Нурмолдаев Д.М. «Ғылыми пікірталас» тақырыбында «Бағдарламалық инженерия», «Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологиялар» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері арасында зияткерлік хакатон өткізді.

Іс-шара аясында студенттік командаларға «Цифрлық мәдениет: игілік пе, әлде қауіп пе?», «Жасанды интеллект адамды алмастыра ма?», «Экология экономикадан маңызды ма?», «Онлайн-білім беру дәстүрлі білім беруден тиімдірек пе?», «Әлеуметтік желілерді шектеу қажет пе?», «Гендік инженерия – рұқсат етіле ме?» сияқты өзекті проблемалық кейстер ұсынылды.

Хакатонның негізгі мақсаты – ғылыми дәлелдеу, сыни талдау, академиялық пікірталас жүргізу және ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын қамтитын негізгі академиялық құзыреттерді қалыптастыру және дамыту болды.

Командалар тақырыпты кездейсоқ таңдау арқылы анықтап, тезистер құрып, ғылыми негізделген дәлелдер жинақтап, дереккөздерді талдап, баяндама дайындады. Жұмыстың қорытындысы ретінде таңдалған мәселе бойынша өз ұстанымдарын қорғап, ғылыми пікірталасқа қатысты.

Хакатон нәтижелері бойынша, аргументацияның логикалылығы мен ғылыми негізділігі, сөйлеу мәдениеті және ғылыми этика қағидаларына сәйкес пікірталас жүргізу дағдылары ескеріліп, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

-     «Үздік оппоненттер командасы» – «The Boys» командасы (ПИ-25-1.7к);

-      «Ең үздік дәлел» – Құралбек Еркін, ПИ-25-1.7к тобының студенті;

-     «Үздік спикер» – Мұхат Ерзат, Әлжапбар Дильназ, ПИ-25-1.3к тобының студенттері.

Хакатон аналитикалық ойлауды, коммуникативтік дағдыларды және академиялық диалог мәдениетін дамытуға тиімді алаңға айналып, бірінші курс студенттерінің ғылыми-білім беру қызметіне белсенді қатысуын көрсетті.