Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
20 Сәуір 2026                  108
XVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2026 жылдың 20 сәуірінде БЖ-22-1р тобының "биохимиялық инженерия" кафедрасының студенттері Сыздықов Нұрасыл және Әбдімуслим ӘБДІМУСЛИМ "6в11201 – тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өтіп, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді. Қатысушылар тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы теориялық дайындық пен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

Студенттерге ғылыми жетекшілік етуді химия ғылымдарының кандидаты Шарбану Аққанинқызы Муздыбаева және Ғалия Жанмолданқызы Турсбекова жүзеге асырды, олардың жетекшілігімен қатысушылар сапалы дайындықтан өтіп, университетті республикалық деңгейде лайықты таныстырды.