METU студенттері еліміздің ең көрікті табиғи аймақтарының бірі – Көлсай көлдері бағытында танымдық әрі сергітетін саяхатқа шықты.
Сапар барысында студенттер Көлсайдың әсем табиғатына тамсанып, таза ауада демалып, ерекше әсер алды. Таудың баурайындағы көркем көлдер, қалың қарағайлы орман мен мөлдір су – бәрі де қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Табиғат аясындағы бұл демалыс студенттердің бір-бірімен жақын араласуына, жаңа достық байланыстар орнатуына мүмкіндік берді.
Саяхат тек демалыс қана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Студенттер қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, табиғатты аялауға шақырды.
METU жастары белсенді, ұйымшыл әрі табиғатты сүйетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай шаралар студенттік өмірді жарқын етіп, ұмытылмас естеліктерге толтырады.