Главная Новости METU студенті «ICTEXPO2026» халықаралық көрмесінде 1-орын алды
24 Сәуір 2026                  86
METU студенті «ICTEXPO2026» халықаралық көрмесінде 1-орын алды

2026 жылғы 24 сәуірде METU университетінің «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Кириленко Кирилл Владимирович Қырғызстанда өткен халықаралық студенттік «ICTEXPO2026» көрмесінде 1-орын иеленді.

Бұл жетістік METU студенттерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, олардың дамуға деген ұмтылысын және халықаралық деңгейде өздерін көрсету қабілетін дәлелдейді.

Кириленко Кирилл Владимировичті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен кәсіби табыс тілейміз!

Біз халықаралық деңгейде университетіміздің абыройын асқақтатып жүрген студенттерімізді мақтан тұтамыз.

Автор: Мусақызы Ж.