2026 жылғы 20 сәуірде METU университетінде әлемнің
жетекші жоғары оқу орындарының бірі —профессоры Giro-Kai Hong-тың дәрісі өтті.
Кездесу барысында профессор студенттерді заманауи
ғылымдағы жаңа бағыттармен таныстырып, дәстүрлі түсініктерден тыс тақырыптарды
қозғады. Әсіресе кеңістік пен уақыт ұғымдары, сондай-ақ шынайылықты қабылдау
мәселелері қарастырылды.
Дәріс ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз
сұрақтарын қойып, күрделі ғылыми тұжырымдарды талқылауға мүмкіндік алды.
Осындай іс-шаралар METU университетінде академиялық
ортаны дамытуға және студенттердің әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тәжірибе
алмасуына жағдай жасайды.
Автор: Мусақызы Ж.