Главная Новости METU Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысты
24 Сәуір 2026                  68
METU Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 6 сәуір мен 24 маусым аралығында METU университеті Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысты.

Іс-шаралар Отбасын қолдау әлеуметтік орталығы базасында өтіп, оқушыларды Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарымен таныстыруға бағытталды.

Аталған кезеңде METU университетінің өкілдері күн сайын кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және оқуға түсу шарттары туралы ақпарат берді.

Жобаға Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындары қатысып, оқушыларға жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды мәлімет ұсынылды.

Автор: Мусақызы Ж.