Главная Новости METU және Малайзияның QS көшбасшылары: болашақ білім жолындағы стратегиялық одақ
28 Сәуір 2026                  97
METU және Малайзияның QS көшбасшылары: болашақ білім жолындағы стратегиялық одақ

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Алматы қаласындағы ALT University базасында 2026 жылдың 24 сәуірінде өткен Малайзияның жоғары білім беру жүйесі өкілдері мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен өткен халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Шара Малайзияның жоғары білімін халықаралық деңгейде ілгерілетуді үйлестіретін Education Malaysia Global Services (EMGS) ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысында METU мүддесін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Қарлығаш Шохаева білдірді. Ресми бағдарлама аясында университет өзінің білім беру және ғылыми әлеуетін, сондай-ақ халықаралық іс-қимылдың перспективалы бағыттарын таныстырды.

Жиынға Малайзияның Universiti Putra Malaysia (UPM), Universiti Teknologi Malaysia (UTM), National Defence University of Malaysia (UPNM), Universiti Sultan Zainal Abidin (UniSZA) сияқты жетекші университеттері мен Малайзиялық біліктілік агенттігінің (MQA) өкілдері қатысты.

Келіссөздер нәтижесінде METU Малайзияның бірқатар жоғары оқу орындарымен серіктестікті дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Атап айтқанда, Азиядағы ең үздік оқу орындарының бірі — QS World University Rankings әлемдік рейтингісінде 134-орында тұрған Universiti Putra Malaysia (UPM) және осы рейтингте 153-орынды иеленген Universiti Teknologi Malaysia (UTM) университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бағдарламаларын, соның ішінде қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру, шетелдік профессорларды шақырту, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық зертханалар құру айқындалды.

Мұндай беделді халықаралық іс-шараға қатысу METU-дың интернационализация стратегиясындағы маңызды қадам болып қана қоймай, университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі абыройының артып келе жатқанын дәлелдеді. Малайзиялық жоғары оқу орындарымен орнатылған жаңа серіктестік байланыстар университет студенттері мен оқытушылары үшін білім алу, ғылыми тәжірибе алмасу және кәсіби өсу жолында тың мүмкіндіктерге жол ашады.