Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Ұлттар достығы – бейбіт өмірдің негізі
28 Сәуір 2026                  66
Ұлттар достығы – бейбіт өмірдің негізі

28 сәуір күні университет қабырғасында «Атамекен» тарихи-танымдық студенттік үйірмесінің ұйымдастыруымен «Ұлттар достығы – бейбіт өмірдің негізі» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесудің қонағы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Адилова Фарида Әуелханқызы.

Іс-шара барысында елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті, өзара сыйластықта, бірлік пен ынтымақта өмір сүріп жатқаны сөз болды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында ұлтаралық келісімді нығайту, өзара құрмет пен татулық құндылықтарын дәріптеу.

Кеш мазмұнды сұхбат алаңына айналып, қатысушыларға тың серпін мен шабыт сыйлады. Студенттер тек тыңдарман ретінде ғана емес, белсенді қатысушы ретінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құнды пікірлер мен пайдалы кеңестер алды.