МИТУ студенттері республикалық олимпиада барысында жоғары нәтиже көрсетті
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) «Программалық инженерия» білім беру бағдарламасының студенттері республикалық деңгейде өткен пәндік олимпиадада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ПИ-23-1.5к тобының студенті Слямбек Ертіс Нұриденұлы 50 қатысушының ішінен 17-орынды иеленіп, өз білім деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Сонымен қатар, ПИ-24-1.5к тобының студенті Еңдібай Қайсар Қалдыбекұлы да үздік нәтижелердің қатарынан көрініп, 50 студенттің арасында 20-орынды иеленді. Аталған олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында жыл сайын ұйымдастырылатын маңызды ғылыми-білім беру іс-шараларының бірі болып табылады . Бұл байқау студенттердің кәсіби дайындығын арттырып, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын шыңдауға бағытталған.
Университет ұжымы студенттерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдіреді!