Главная Новости METU студенті екі алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекорд орнатты
28 Сәуір 2026                  89
METU студенті екі алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекорд орнатты

METU-дің 3 курс студенті Хамит Батырхан Болатханұлы, 6B07203 — «Азық-түлік өндірісінің технологиясы және инжиниринг» білім беру бағдарламасының студенті, халықаралық спорт аренасында өзінің салмақ және жас санатында әлемдік рекорд орнатып, айрықша жетістікке қол жеткізді.

Қазақстан Республикасында өткен күш спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты «Даланың қуаты 6» аясында, 2026 жылғы 24–26 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен жарыста спортшы екі бірдей бірінші орынды жеңіп алып, стритлифтинг — брусьяда классикалық сырықпен көтерілу жаттығуы бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Хамит 100 кг қосымша салмақпен жаттығуды орындап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл жетістік оның жеке табысы ғана емес, сонымен қатар отандық спорт үшін де маңызды оқиға болды.


Бұл нәтиже студенттің жоғары дайындық деңгейін және оның жетілуге деген ұмтылысын дәлелдейді. Жеңіс пен рекорд жас спортшының күш-қуатының, төзімділігінің және мақсаткерлігінің айқын көрінісі болды.

Университет Хамит Батырхан Болатханұлын айтулы жетістігімен құттықтайды, оның табыстарына мақтаныш білдіреді және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен жоғары спорттық белестер тілейді.