МИТУ студенттері халықаралық «ICTEXPO2026» көрмесінде І орын иеленді
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) студенттері Қырғызстан Республикасында өткен халықаралық студенттік «ICTEXPO2026» көрмесінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, І орын иеленді. Атап айтқанда, ПИ-25-1.2р тобының студенті Кравченко Кирилл Владимирович көрме қорытындысы бойынша үздік жоба ұсынып, жеңімпаз атанды. Оның ғылыми-зерттеу жұмысы заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Сонымен қатар, ПИ-23-1.5к тобының студенті Слямбек Ертіс Нұриденұлы да халықаралық деңгейде өз жобасын сәтті таныстырып, университеттің ғылыми әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған көрме 2026 жылғы 24 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде өтті. Көрме аясында қатысушылар робототехника, жасанды интеллект, веб және мобильді қосымшаларды әзірлеу, цифрлық дизайн сияқты бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынды. Бұл жетістік студенттердің жоғары кәсіби дайындығын, инновациялық ойлау қабілетін және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл нәтиже университеттегі білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.
Университет ұжымы студенттерімізді жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреді!