Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада ХИТУ студенттері жүлделі орындарға ие болды
24 Сәуір 2026                  41
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада ХИТУ студенттері жүлделі орындарға ие болды

2026 жылғы 24 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Energo University) базасында В059 «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің  студенттері де белсене қатысты.

Олимпиада барысында «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының атынан қатысқан студенттер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Атап айтқанда:

Эгамбердиев Шухрат Бахтиёр Угли, РЭТ-23-1к тобының студенті — III орын иегері;

Бекберген Балауса Талғатқызы, РЭТ-23-1к тобының студенті — алғыс хатпен марапатталды;

Касимова Майра Нургалиевна, РЭТ-24-1к тобының студенті — алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, студенттерге ғылыми жетекшілік жасаған «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушысы Тәжібай Исатай Серікұлы білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Аталған жетістіктер Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ) білім беру сапасының, студенттері мен оқытушыларының кәсіби деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.