Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының Ғылым декадасы – 2026 көрмесіне қатысуы
21 Сәуір 2026                  38
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының Ғылым декадасы – 2026 көрмесіне қатысуы

2026 жылғы 10–20 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым мен технологиялардың дамуы» тақырыбында Ғылым декадасы өтті.

2026 жылғы 17 сәуірде Ғылым декадасы аясында университеттің ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, ол МИТУ-дың озық технологиялар орталығының ресми ашылуына орай өткізілді. Аталған іс-шараға «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы белсенді түрде қатысты.

Көрмеде кафедраның оқу және ғылыми-зерттеу қызметі аясында әзірленген ғылыми және инновациялық жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, кондитерлік өнімдер, маршмеллоу, балмұздақ, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдана отырып дайындалған өнімдер мен қаптама шешімдері көрсетілді.

Көрмені ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар, ғылыми үйірме студенттері және волонтерлар белсенді қатысып, көрме экспозициясын дайындау, өнімдерді таныстыру және қонақтарды қарсы алу жұмыстарын атқарды.

Көрме кафедраның ғылыми және инновациялық әлеуетін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға тиімді алаң болды. Ұсынылған жобалар қатысушылар мен қонақтардың қызығушылығын тудырып, зерттеулердің практикалық маңыздылығын көрсетті.