2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (Алматы қ.) «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылымның сапасы мен нәтижелілігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Жалпы 24 ғылыми мақала ұсынылып, оның нәтижесінде 28 баяндама жасалды: 16 сәуірде – 16 баяндама, 17 сәуірде – 12 баяндама.
Қатысушылар қатарында Нитра қаласындағы Словакия ауыл шаруашылығы университеті, Белград университеті (Сербия), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға 40 сертификат табысталды.
Іс-шара аясында сондай-ақ «Үздік жас зерттеуші» (бакалавр, магистрант және докторанттар арасында) және стартап-жобалар байқаулары өткізілді. Аталған конкурстардың нәтижелері қазіргі уақытта қорытындылану сатысында.
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының студенттері мен білім алушылары конференция жұмысына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
• 1 орын — Бек Нурсауле (МИТУ);
• 2 орын — Ойозбекова Аэлина, Шекербекова Акылай Жанышевна (ҚМТУ им. И. Раззакова), Жексенбай Акмарал Ерзатқызы (МИТУ);
• 3 орын — Куаныш Саят (МИТУ), Турсынғазы Аружан Нұрланқызы, Әбдіманап Ұлпан Дәуренқызы (МИТУ), Ермакова Дарья Сергеевна (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ).
Конференция ғылым мен технологиялардың өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.