Главная Новости Медеу ауданы әкімінің орынбасары METU-ға алғыс білдірді
29 Сәуір 2026                  34
Медеу ауданы әкімінің орынбасары METU-ға алғыс білдірді

2026 жылғы 29 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Нурлыбаев Айдос Аскарович 2026 жылдың наурыз және сәуір айларында жүргізілген белсенді кәсіби бағдар беру жұмыстары үшін METU университеті мен колледжіне алғыс білдірді.

Аталған жұмыстар оқушылардың жоғары және техникалық-кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттырып, болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт алуға ықпал еткені атап өтілді.

METU университеті мен колледжінің кәсіби бағдар беру саласындағы белсенді қызметі жастарды қолдауға және білім беру жүйесін дамытуға қосқан маңызды үлесі болып табылады.

Автор: Мусақызы Ж.