Астана қаласында өтіп жатқан «Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» форумына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері белсенді қатысуда.
Форумның алғашқы күні «Жастар және қазіргі қоғамдағы азаматтық жауапкершілік» тақырыбымен басталды. Қатысушылар қоғамдағы жастардың рөлі, олардың ел дамуына қосар үлесі мен жауапкершілігі жайлы пікір алмасты.
Бағдарлама аясында «Jas Power Talks» интерактивті мотивациялық сессиясы өтті. Сессия барысында «Толық адам» тақырыбында көшбасшылық пен өзін-өзі дамыту, «Заң мен тәртіп» аясында құқықтық сауаттылық пен заң мәдениеті, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі азаматтық сана, цифрлық жауапкершілік және AI этикасы кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, диалог алаңдары ұйымдастырылып, «Жастар және заң», «Қазіргі студенттің рөлі», «Студенттік омбудсмен: құқықтарды қорғау және студент үнінің маңызы» тақырыптары қозғалды.
Күн соңында «IQUP» интеллектуалды ойыны өткізіліп, студенттер өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Форумның алғашқы күні мазмұнды пікірталастар мен пайдалы тәжірибелерге толы болып, қатысушыларға жаңа серпін берді.