2026 жылғы
16 мамырда METU университеті MIA Education оқу орталығы ұйымдастырған жоғары
оқу орындарының білім беру көрмесіне қатысты.
Іс-шара
барысында университет өкілдері мектеп оқушылары мен болашақ талапкерлерге METU
университетінің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және оқу
мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Қатысушылар
дайындық бағыттары, академиялық ұтқырлық, студенттік өмір, тағылымдамалар және
кәсіби даму мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар талапкерлер өздерін
қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Осындай іс-шаралар жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы таңдауға ықпал етеді.
Автор: Мусақызы Жания