Главная Новости METU «UNIDEM» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
22 Мамыр 2026                  29
METU «UNIDEM» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 22 мамырда METU университеті «UNIDEM» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік аясында университет оқу орталығының түлектеріне 3 ректор грантын және оқу ақысының бірінші жылына 20% жеңілдік ұсынды.

Меморандумға METU университетінің ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы пен «UNIDEM» оқу орталығының бас директоры Карякин Роман Вячеславович қол қойды.

Ынтымақтастық білім беру саласындағы өзара байланысты дамытуға, талантты талапкерлерді қолдауға және сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Автор: Мусақызы Ж.