Главная Новости METU «MIA Education» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
22 Мамыр 2026                  23
METU «MIA Education» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 22 мамырда METU университеті «MIA Education» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік аясында университет оқу орталығының түлектеріне 1 ішкі грант және оқу ақысының бірінші жылына 20% жеңілдік ұсынды.

Меморандумға METU университетінің ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы пен «MIA Education» оқу орталығының директоры Төлегенұлы Махамбет қол қойды.

Ынтымақтастық талапкерлерге қосымша білім беру мүмкіндіктерін ұсынуға және талантты жастарды қолдауға бағытталған.

Автор: Мусақызы Ж.