Главная Студентам Студенческие новости УНИВЕРСИТЕТТІҢ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІ РЕКТОР АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
28 Мамыр 2026                  68
УНИВЕРСИТЕТТІҢ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІ РЕКТОР АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Оқу жылының қорытындысы бойынша университеттің қоғамдық, мәдени және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларына белсенді қатысып, студенттік өмірдің дамуына елеулі үлес қосқан білім алушылар марапатталды.

Университет басшылығы студенттердің жыл бойы көрсеткен белсенділігін, жауапкершілігін және бастамашылдығын жоғары бағалап, әр кафедраның үздік әрі белсенді студенттерін Ректордың Алғыс хатымен марапаттады.

Марапаттау рәсімі барысында студенттердің университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлесі ерекше аталып өтілді. Олар түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға, қайырымдылық және еріктілік жобаларына қатысуға, жастар саясаты мен тәрбие жұмыстарының жүзеге асуына белсенді атсалысты.

Университет басшылығы марапат иелерін лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында, қоғамдық қызметте жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Белсенді студенттер – университетіміздің мақтанышы әрі жарқын болашағының кепілі. Олардың жетістіктері өзге білім алушыларға үлгі болып, жастардың азаматтық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.