Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Программалық инженерия» кафедрасында оқу практикасы басталды
01 Маусым 2026                  86
«Программалық инженерия» кафедрасында оқу практикасы басталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Программалық инженерия» кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған оқу практикасы өз жұмысын бастады. Оқу практикасының негізгі мақсаты – студенттердің оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыру, ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру және болашақ маман ретінде алғашқы тәжірибелік құзыреттерін қалыптастыру.

Практика аясында білім алушылар бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үдерістерімен, заманауи цифрлық технологиялармен, деректерді өңдеу және талдау құралдарымен, бағдарламалау тілдері мен бағдарламалық жүйелерді жобалау негіздерімен танысады. Сонымен қатар студенттер жеке және топтық тапсырмалар орындап, практикалық жұмыстар арқылы өз білімдерін жетілдіреді. Практиканың алғашқы күні кафедра оқытушылары студенттерге ұйымдастыру жиналысын өткізіп, практика бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, есеп беру талаптары мен бағалау критерийлері туралы толық ақпарат берді.

«Программалық инженерия» кафедрасы оқу практикасы студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, заманауи IT-индустрия талаптарын түсінуге және болашақтағы оқу жетістіктеріне берік негіз қалауға мүмкіндік беретініне сенім білдіреді. Білім алушыларға оқу практикасын табысты аяқтап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына тілектеспіз!