Главная Новости «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
29 Мамыр 2026                  31
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
   31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн – халқымыздың басынан өткен зұлмат жылдарды еске алып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына құрмет көрсетілетін маңызды күн. Соған орай METU кітапханасында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының өмірі мен мұрасына арналған еңбектер, ашаршылық кезеңінің ауыр зардаптарын сипаттайтын тарихи және деректі әдебиеттер ұсынылды. Көрме оқырмандарды өткен тарихпен таныстырып қана қоймай, ел тәуелсіздігінің қадірін түсінуге, тарихи жадыны сақтауға және ұлт тағдырына бейжай қарамауға үндейді.