Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Бағдарламалық инженерия білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау өтті
03 Маусым 2026                  32
Бағдарламалық инженерия білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 2025–2026 оқу жылының бітіруші курс студенттеріне арналған қорытынды аттестаттау және мемлекеттік емтихан өткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысына комиссия төрағасы Саумбаев Ельдар Карияевич – «VISTA SYSTEMS» ЖШС директоры қатысып, білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейіне баға берді. Комиссия құрамында Бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Сакыпбекова Меруерт Жумабековна және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс атқарды.

Комиссия мүшелері студенттердің теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін жан-жақты бағалап, олардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтады. Бітіруші түлектер өздерінің дипломдық жобалары мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сәтті қорғап, мамандық бойынша алған білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Университеттің академиялық саясатына сәйкес 6B06103 – «Бағдарламалық инженерия» және 7M06101 – «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіліп, барлық рәсімдер белгіленген талаптарға сай өткізілді.

Қорытынды аттестаттау комиссиясы түлектердің дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың болашақ кәсіби қызметтеріне табыс тіледі. Бағдарламалық инженерия кафедрасы барлық түлектерді оқу бағдарламасын сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы еңбек жолында жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктерге жетулеріне тілектестік білдіреді.