2026 жылғы 15 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) университет ректоры, проректорлары, құрылымдық бөлімше басшылары мен кафедра меңгерушілерінің, сондай-ақ Инновациялық-индустриялық даму альянсының (AIID) президенті, резиденттері мен өкілдерінің, серіктес кәсіпорындар және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында білім беру, ғылым және индустрия арасындағы ынтымақтастықты дамыту, өндірістік және кәсіби практикаларды ұйымдастыру, тағылымдамаларды өткізу, бірлескен дипломдық және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ хакатондар, IT-байқаулар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға, білім алушылардың практикалық даярлығын кеңейтуге, бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруға және түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге өзара қызығушылық білдірді.