Главная Новости METU кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық кеш пен кітап көрмесі өтті
04 Маусым 2026                  688
METU кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық кеш пен кітап көрмесі өтті

Іс-шараның басты мақсаты – студент жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызын насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың қалыптасу жолы туралы құнды басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалықтар және мерейтойлық жинақтар қойылды. Көрмеден оқырмандар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен мемлекеттік нышандардың ел бірлігін нығайтудағы рөлі туралы мол мағлұмат алды. Танымдық кеш барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің авторлары, олардың қабылдану тарихы және әрбір рәміздің мазмұны мен мағынасы туралы ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ рәміздерге қатысты қызықты деректер айтылып, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, жастарды тарихи-танымдық еңбектермен таныстырды. Қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгілері саналатын рәміздердің ел тарихындағы ерекше орны туралы өз ойларымен бөлісті.