2026 жылғы 4 маусымда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздер күніне орай «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары
ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге университет оқытушылары мен студенттері қатысып,
еліміздің басты құндылықтарының бірі саналатын мемлекеттік рәміздердің тарихи
маңызы мен тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты. Шара Қазақстан Республикасының
Әнұранын орындаумен басталды. Қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және
Әнұранның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолындағы ерекше рөліне
тоқталып, олардың ұлттық бірегейлік пен елдік сананы нығайтудағы маңызын
талқылады. Дөңгелек үстел барысында жастар арасында патриоттық құндылықтарды
дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және
азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Студенттер өз ойларын
ортаға салып, ел тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарына қатысты көзқарастарын
білдірді.
«Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты
іс-шара студенттердің бойындағы отансүйгіштік сезімді күшейтіп, мемлекеттік
рәміздердің мәні мен маңызын терең түсінуге ықпал етті. Мұндай тағылымды
кездесулер жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және ел болашағына
жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.