2026 жылғы
4 маусымда еліміздің әр өңірінен келген дарынды спортшылардың басын қосқан
жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Чемпионатқа
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті METU бас демеуші ретінде
қолдау көрсетті. Университет жастардың дамуына, салауатты өмір салтын
насихаттауға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған білім
беру, әлеуметтік және спорттық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді.
Жарыс
барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберлік, мықты мінез және жеңіске деген
ұмтылысын көрсетті.
Алматы
қалалық кикбоксинг федерациясының Құрметті президенті Руслан Жұмағұлов өз
сөзінде кикбоксингтің жас спортшылардың бойында тәртіпті, қарсыласқа құрметті,
ерік-жігерді және адал жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыратынын атап өтті.
Осындай
іс-шараларды қолдау арқылы METU жастар спортының дамуына және өскелең ұрпақтың
жан-жақты қалыптасуына өз үлесін қосуда.
https://www.youtube.com/watch?v=rwKqKPON8SU
Автор: Мусақызы Ж.