Главная Новости ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуіне өтінім қабылдау басталды
11 Маусым 2026                  82
ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуіне өтінім қабылдау басталды

METU университеті қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Электрондық форматтағы тестілеу 2026 жылғы 21 маусымда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында өтеді.

Өтінімдер 2026 жылғы 12–19 маусым аралығында app.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады.

Сертификаттық тестілеу төрт бөлімнен тұрады:

  • Тыңдалым;
  • Оқылым;
  • Жазылым;
  • Айтылым.

Тестілеуге қатысу құны 7 121 теңгені құрайды.

METU докторантурасына түсушілер үшін ҚАЗТЕСТ сертификаты 2026 жылғы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында құжат тапсыру кезінде міндетті құжат болып табылады. Құжаттар топтамасына ҚАЗТЕСТ жүйесінің кез келген деңгейдегі сертификаты қабылданады.

Докторантураға құжат қабылдау қарсаңында тестілеудің әртүрлі қалаларда өткізілетінін ескере отырып, талапкерлерге тестілеуден алдын ала өтіп, сертификат алуға кеңес береміз.

Қосымша ақпарат testcenter.kz сайтында қолжетімді.

Автор: Мусақызы Ж.